БИОГРАФИЯ
Мен, Медеуов Дюсен Әбілбайұлы, 16.01.1965 жылы Маңғыстау облысы «Қызылсай» кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келдім.
1971-1981 ж.ж. аралығында орта мектепте білім алдым.
Білімім – жоғары, 1985-1991 ж.ж. аралығында Алматы қаласында орналасқан В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кенорындарын анықтау мен пайдалану» мамандығы бойынша оқып, тау кен инженері біліктілігін алып шықтым.
Еңбек жолымды 1981 жылы Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бірінші дәрежелі ағаш шебері мамандығынан бастадым. Аталған басқармада 1983 жылға дейін 2,3 дәрежелі ағаш шебері қызметтерін атқардым.
1983-1985 ж.ж. аралығында әскери міндетімді атқарып келдім.
1985-1997 ж.ж. НГДУ Узеннефть басқармасының №5 мұнай газ өндіру цехында 3,4 дәрежелі мұнай газ өндіру операторы, №2 мұнай кәсіпшілігінде скважиналарды күрделі және жерасты жөндеу шебері, №6 мұнай кәсіпшілігінде мұнай және газ өндіру шебері, 1 категориялы инженер-технолог, №3 мұнай газ өндіру цехының бастығының орынбасары, орталық инженерлік-технологиялық қызметінің инженер-технологы, №9,3 мұнай кәсіпшіліктерінің бастығы, скважиналарды жерасты жөндеу цехының бастығы, ОИТҚ бастығы қызметтерін атқардым.
1997 жылы «Қарамаңдыбас» ЖШС-де скважиналарды жерасты жөндеу цехының бастығы, техникалық директор лауазымдарында қызмет атқардым.
1997-1999 ж.ж. «ӨзенМұнайГаз» АҚ жобаларды дайындау және басқару бөлімінің бастығы қызметін атқардым.
1999-2001 ж.ж. УДТВ, УПТЖ мекемелерінде директор қызметін атқардым.
2001-2011 ж.ж. аралығында №2 Мұнай газ өндіру басқармасының директоры, «Өзенмүнайгаз» АҚ бұрғылау және күрделі жөндеу департаментінің бастығы, скважиналарды бұрғылау және жөндеу департаментінің директоры, №4 Мұнай газ өндіру басқармасының бастығы лауазымдарында қызметімді атқардым.
2011 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі таңға дейін «Жөндеу» ЖШС-де директор қызметін атқарып келемін.
Жанұямда жолдасым, 4 қызым, 1 ұлым бар.
1.Медеуова Гульсим Муратовна, 1965 ж.т. – жолдасым;
2.Медеуова Камшат Дюсеновна, 1989 ж.т. – қызым;
3.Медеуова Меруерт Дюсеновна, 1996 ж.т. – қызым;
4.Медеуова Рахат Дюсеновна, 1999 ж.т. – қызым;
5.Әбілбай Темірбек Дюсенұлы, 2005 ж.т. – ұлым;
6.Дюсенқызы Сымбат, 2007 ж.т. – қызым.